Директорлар
кеңесі Төрағасының үндеуі

Директорлар кеңесі Төрағасының үндеуі
Дәурен Қарабаев
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атқарушы
вице-президенті, қаржы директоры,
ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің Төрағасы
«Компания өндіруді тұрақты деңгейде сақтап тұр, жыл ішінде таза кірісті 195 млрд теңге (599 млн АҚШ доллары) мөлшерінде, еркін ақша ағынын 186 млрд теңге (570 млн АҚШ доллары) деңгейінде және таза ақша қаражатының өсімін 167 млрд теңгеге (512 млн АҚШ доллары) қамтамасыз ете отырып, жоғары қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізді».

Құрметті акционерлер!

Өткен 2017 жыл ҚМГ БӨ тарихында бағалы қағаздары Лондон Қор Биржасы мен Қазақстан Қор Биржасында айналымға түсетін жария компания ретіндегі толық соңғы жылы болды. Тендерлік ұсыныстың шеңберінде акциялар мен жаһандық депозитарлық қолхаттарды сатып алуды аяқтағаннан кейін Компания өз листингін тоқтатып, ҚМГ ҰК тобының құрамында басқа активтермен бірге барынша тығыз интеграцияға бағыт алады.

2006 жылы Компанияның бағалы қағаздарын жергілікті және халықаралық нарықтарда орналастыруы Орта Азиядағы ең ірі IPO болды. Сол кезде 2 млрд АҚШ долларынан астам қаражат тартылды. Компания IPO-ға шыққан сәтінен бастап қор нарықтарының озық халықаралық тәжірибелердің талаптарына жауап бере отырып, қаржылық ашықтық және инвесторлар мен сарапшылар тарапынан тұрақты назарда болу жағдайларында табысты жұмыс істей басталды. Бұл күш-жігерді инвесторлар жоғары бағалады: ҚМГ БӨ-нің IPO бұрынғы кеңестік кеңістікте ең табысты болды және одан кейінгі жылдары инвесторлар корпоративтік басқарудың құрылған жүйесіне, ашық есептіктілікке және Компанияның топ-менеджментіне өз сенімдерін көрсетті. Бірінші кезекте бұл нәтижеге қазақстандық мамандардың күшімен қол жеткізілгенін ерекше атап айтқым келеді.

Осы жылдардағы Компанияның тарихы түрлі оқиғалармен, соның ішінде жағымды және ауыр оқиғалармен сипатталады. Қарқынды өсу кезеңі болды, ол кезде Компания «Қазгермұнай», «Қаражанбасмұнай», «ПетроҚазақстан» компанияларынан үлестерді иемденіп, бірнеше елеулі сатып алулар жасады. Геологиялық ашылулар жасалды, геологиялық барлау масштабтары кеңейтілді. Дегенмен, қиындықтар да болды. Әлеуметтік шиелініс кезеңі ауыр сынақ болды. Мұнай бағаларының күрт төмендеп, үнемдеудің елеулі шараларын талап еткен 2015 жыл да оңай тиген жоқ. Осы сын-тегеуріндерге жауап бере отырып, Компания өндіруді тұрақтандыру, операциялық және күрделі шығындарды бақылау, мұнайдың дербес процессингі схемасына көшу жөніндегі шараларды табысты іске асырды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде есептік 2017 жыл соңғы жылдар ішіндегі ең табысты жылдардың бірі болды. Нарықтық конъюктураның біртіндеп жақсаруы және ішкі нарықта мұнай процессингі схемасын пайдалануды жалғастырудың нәтижесінде Компания өндіру көлемін тұрақты деңгейде сақтап отыр, бір жыл ішінде таза кірісті 195 млрд теңге (599 млн АҚШ доллары) мөлшерінде, еркін сауда ағынын 186 млрд теңге (570 млн АҚШ доллары) деңгейінде және таза ақша қаражатының өсуін 167 млрд теңгеге (512 млн АҚШ доллары) қамтамасыз етіп, жоғары қаржылық көрсеткіштерге жетті.

Осылайша, делистинг туралы шешімді қабылдау оңай болмады, бірақ ең бастысы, ҚМГ БӨ бас акционері — «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясын бұдан арғы дамытудың стратегиялық міндеттерімен байланысты, қажет болды.

Лондон биржасына шығу кезінде ҚМГ БӨ-де халықаралық талаптарға жауап беретін және түрлі стейкхолдерлер: негізгі акционер мен Қазақстанның мұнай-газ нарығының басты ойыншысы ретінде ҚМГ ҰК, миноритарлық акционерлер, кәсіпорынның қызметкерлері, мемлекет, компания өз қызметін жүргізетін өңірлердегі халықтың, шетел әріптестерінің мүдделер балансын сақтап тұру сияқты күрделі міндетті шешуге жұмылдырылған корпоративтік басқару жүйесі құрылды.

Алайда, нарық конъюктурасының елеулі өзгерістері және Ұлттық компанияның стратегиясындағы өзгерістер акционерлердің түрлі топтарының мүдделері көп жағдайда түйіспейтініне әкелді. Осындай жағдайлар кезінде Компанияның дамуы қиынға түсті, әрбір тарап үшін тиімсіз болған контрпродуктивтік қарсылық қалыптасты және мұндай жағдайдан өзара тиімді шығу жолын іздеу басымдыққа айналды.

Қиындықтарға қарамастан, оңтайлы шығу жолы табылды, миноритарлық акционерлердің Тендерлік ұсынысты 98% деңгейінде қабылдауы, мәні нарықтан миноритарлық үлесті сатып алу және ҚМГ БӨ делистингін білдіретін ұсынылған нұсқа барлығына дерлік қолайлы болғанын дәлелдейді. Осылайша, миноритарлық акционерлер өз акцияларын әділ бағамен сату мүмкіндігін алды, ал ҚМГ ҰК холдинг ішінде ҚМГ БӨ-нің барынша тығыз интеграциясын қамтамасыз етуге мүмкіндік алды және осы интеграцияның басымдықтарын ҚМГ ҰК барлық тобы деңгейінде іске асыруды көздейді.

Қаржылық көзқарас жағынан, өз позицияларын сақтап қалған және сатып алу туралы соңғы ұсынысты қабылдаған Компанияның акционерлері — IPO қатысушылары дивидендтерді есептегенде, оң кіріс алды.

Сөзімнің соңында Компанияның жария ретінде жұмыс істеген он бір жылы — бұл өте үлкен және аса құнды тәжірибе екенін, оны ҚМГ ҰК-ның барлық тобының игілігі үшін сақтау және пайдалану жоспарланып отырғанын, сондай-ақ мен барша еңбек ұжымына, менеджментке және өз әріптестерім — Директорлар кеңесінің мүшелеріне Компанияның мүддесі үшін жұмыла жұмыс істеуге дайындығы және кәсіби шеберліктері үшін алғысымды білдіргім келеді.