Жылдың басты
оқиғалары

Жылдың басты оқиғалары
1-ші тоқсан
  • «DeGolyer and MacNaughton» (D&M) тәуелсіз консалтинг фирмасы 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сұйық көмірсутектер қорларына бағалау жүргізді. D&M есебіне сәйкес Компанияның «Қазгермұнай» БК» ЖШС («ҚГМ»), CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» («ПҚИ») компанияларындағы үлесін есепке алмағанда, сұйық көмірсутегінің дәлелденген және болжамды қорлары (2P) 145 млн тоннааны (1 061 млн баррель) құрады, бұл 2015 жылдың соңындағы бағалаумен салыстырғанда 4%-ға кем. Сұйық көмірсутегінің дәлелденген қорлары (1P) 93 млн тоннааны (684 млн баррель), ал дәлелденген, ықтимал және мүмкін қорлары (3P) — 196 млн тоннааны (1 433 млн баррель) құрады.
  • Компания 2009 — 2012 жылдардағы салық тексерісі бойынша аппеляцияның оң нәтижелерін алды, оларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық наразылықтарының бастапқы сомасын 25 млрд теңгеге — 13,5 млрд теңгеге дейін төмендетті.
  • 2017 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ-нің жиынтықты өндіру көлемі ҚГМ, CCEL және ПҚИ-дегі Компанияның үлестерін есептегенде, шикі мұнайдың 2 904 мың тоннасын (тәулігіне 238 мың баррель) құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға кем.
  • 2017 жылдың алғашқы үш айында түсім 214 млрд теңгені (663 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңдегіден 76%-ға жоғары. Таза пайда — 2,3 млрд теңгені (7 млн АҚШ доллары), 2017 жылғы 31 наурыздағы таза ақша қаражатының сомасы — 1 143 млрд теңге (3,6 млрд АҚШ доллары), күрделі салымдар ¬18 млрд теңгені (55 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 37%-ға кем.
2-ші тоқсан
  • ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы 2018 жылғы 23 мамырды қоса алғанға дейін — бір жылға өкілеттік мерзімімен сайланды. Директорлар кеңесінің құрамына Серік Әбденов пен Әсия Сырғабекованың орнына, үш жаңа мүше кірді — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері ретінде Дәурен Қарабаев пен Ардақ Мұқышев, сондай-ақ Фрэнсис Соммер Директорлар кеңесінің құрамына ҚМГ БӨ тәуелсіз атқарушы емес директоры ретінде сайланды, ол Эдвард Уолштың орнына келді. Директорлар кеңесінің отырысында ҚМГ ҰК мұнай және газ өндіру жөніндегі аға вице-президенті Игорь Гончаров ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды.
  • Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының (АЖЖЖ) шешімімен 2016 жылдың қорытындысы бойынша акцияларға (жай және артықшылықты) 289 теңге мөлшерінде (ҚР заңнамасына сәйкес ұсталынатын салықтарды есептегенде) дивиденд төлеу туралы шешім қабылданды. Дивидендтердің жалпы сомасы шамамен 19,8 млрд теңгені (шамамен 63 млн АҚШ доллары) немесе 2016 жылғы Компанияның шоғырландырылған таза табысының 15%-ын құрайды.
  • ҚМГ БӨ MOL Hungarian Oil and Gas Plc.-ден «Карповский Северный» ЖШС-де («КС») 100 пайыздық қатысу үлесін иемденетін KS EP Investments BV компаниясы акцияларының 49%-ын 1 АҚШ долларына сатып алып, КС-ке 100 пайыздық қатысу үлесімен KS EP Investments-тің жалғыз акционері атанды. Реттеуші органдардың барлық қажетті рұқсаттары алынды. Компания Акционерлердің келісіміне сәйкес КС-те үлесті сатып алудың өзінің басым құқығын іске асырды.
  • Компания Басқармасы құрамындағы өзгерістер, оған Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Дәулетжан Хасанов пен Қайырбек Елеусіновтің орнына, өндіріс және кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор Қуанышбай Нұрғалиев және маркетинг, сатып алу және мұнай сату жөніндегі басқарушы директор Бекмұрат Найзабеков кірді.
  • 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде ҚГМ, CCEL және ПҚИ-дегі үлестерді қосқанда, шоғырландырылған өндіру 5 885 мың тонна (тәулігіне 240 мың баррель) шикі мұнайды құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға кем. 2017 жылдың алғашқы алты айындағы мұнай өнімдерін сату мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес 1 282 мың тонна мұнай өнімдерін құрады.
  • Компанияның 2017 жылдың алғашқы алты айындағы түсімі 437 млрд теңгені (1 371 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылдың осындай кезеңіндегіден 39%-ға жоғары. Түсімнің өсуі негізінен Брент сұрыпы мұнай бағасының 30%-ға қымбаттауына, экспорттық жеткізілімдердің аса жоғары үлесіне және 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай процессингі схемасына өтуіне байланысты, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 8%-ға төмендеуімен ішінара өтелді. 2017 жылдың алғашқы алты айындағы таза пайда 88 млрд теңгені (276 млн АҚШ доллары) құрады, ал 2016 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіш 17 млрд теңгені (50 млн АҚШ доллары) құрады. 2017 жылғы 30 маусымдағы таза ақша қаражатының сомасы 1 286 млрд теңгені (4,0 млрд АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылғы бірінші тоқсан соңындағы таза ақша қаражаты сомасымен салыстырғанда 347 млн АҚШ долларына көп.
3-ші тоқсан
  • Қыркүйекте Компания Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді, онда ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды. ҚМГ ҰК атқарушы вице-президенті — қаржы директоры — Дәурен Қарабаев төраға болды, ол Игорь Гончаров ҚМГ ҰК-дан жұмыстан шығуына байланысты соның орнына келді.
  • ҚМГ БӨ ҚГМ, CCEL және ПҚИ-дағы оған тиесілі үлестерін қосқанда, 2017 жылдың тоғыз айында 8 884 мың тонна (тәулігіне 239 мың баррель) шикі мұнай өндірді, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңдегіден 3%-ға кем. 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ҚМГ БӨ мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес 1 774 мың тонна мұнай өнімдерін өткізді.
  • 2017 жылдың алғашқы тоғыз айындағы түсім 666 млрд теңгені (2 059 млн АҚШ доллары) құрап, 2016 жылдың осындай кезеңінен 29%-ға жоғары болды. 2017 жылдың алғашқы тоғыз айындағы таза пайда 168 млрд теңге (521 млн АҚШ доллары), операциялық қызметтен таза ақша ағымдары — 184 млрд теңгені (570 млн АҚШ доллары) құрады. 2017 жылғы 30 қыркүйектегі таза ақша қаражатының сомасы 1 360 млрд теңгені (4,0 млрд АҚШ доллары) құрады.
4-ші тоқсан
  • Компания АКТЖЖ өткізді, онда ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің құрамына ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өкілеттіктері мерзімнен бұрын тоқтатылған Игорь Гончаровтың орнына ҚМГ ҰК өндіру, барлау және мұнай сервистері жөніндегі атқарушы вице-президенті Олег Карпушин сайланды.
  • Компанияның Директорлар кеңесі 2018 жылға арналған бюджетті және 2018-2022 жылдарға арналған бизнес-жоспарды бекітті. 2018 жылдың бюджеті Брент сұрыпы мұнайының барреліне 55 АҚШ доллары мөлшеріндегі бағаның және АҚШ долларына 340 теңге бағамының болжамына сәйкес жасалды. 2018 жылы ӨМГ мен ЕМГ-де жалпы жоспарлы өндіру көлемі 8,5 млн тоннааны (тәулігіне 171 мың баррель) құрайды, бұл 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарынан, негізінен, ӨМГ-де 2017 жылы базалық өндірудің азаюы салдарынан 2%-ға кем болды. 2018 — 2022 жылдары Компанияның еркін ақша ағымы негізінен мұнайдың дербес процессингі схемасының позитивті нәтижелеріне байланысты оң болады деп жоспарланады.
  • Компания барлық өзінің шығарылған ЖДҚ-ны бір ЖДҚ үшін 14,00 АҚШ доллары бағасымен сатып алуды, бұл 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ЖДҚ бағасына 30 күн ішінде орташа есептелген көлем бойынша 11,32 АҚШ долларына тең 23,7 пайыз мөлшеріндегі сыйақыны білдіреді және Лондон қор биржасы (ЛҚБ) және Қазақстан қор биржасынан (ҚҚБ) делистинг жүргізу ниеті туралы хабарлады.
  • ҚМГ БӨ-нің ЖДҚ Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне оларды миноритарлық акционерлерден сатып алу жөніндегі нұсқалардың бірі ретінде іске асыру үшін енгізілді.
  • 2017 жылы ҚМГ БӨ ҚГМ, CCEL және ПҚИ-дегі оған тиесілі үлестерін қосқанда, 11 868 мың тонна (тәулігіне 241 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2016 жылдағыдан 2%-ға кем. 2017 жылы мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес мұнай өнімдерін сату 2 388 мың тонна мұнай өнімдерін құрады.
  • 2017 жылдың түсімі өткен жылмен салыстырғанда 32%-ға артып, 956 млрд теңгені (2 933 млн АҚШ долларын3) құрады. 2017 жылдың таза пайдасы 195 млрд теңгені (599 млн АҚШ доллары) құрады, операциялық қызметтен таза ақша ағымдары — 218 млрд теңге (667 млн АҚШ доллары). 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша таза ақша қаражатының сомасы 1 339 млрд теңгені (4,0 млрд АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылғы 31 желтоқсандағы таза ақша қаражатының сомасымен салыстырғанда 167 млрд теңгеге (512 млн АҚШ доллары) немесе 14%-ға жоғары.