Басты қаржылық
және операциялық
көрсеткіштер
2P санатындағы қорлар,
млн тонна*
145
145
205
0%
2017
2016
2006
Мұнай өндіру,
жылына млн тонна**
11,9
12,2
9,5
-2%
2017
2016
2006
Сату көлемі,
жылына млн тонна**
11,7
12,1
9,3
-3%
2017
2016
2006
Экспорт,
жылына млн тонна**
7,1
6,8
6,9
+5%
2017
2016
2006
Түсім,
млрд теңге*
956
727
412
+32%
2017
2016
2006
Таза пайда,
млрд теңге
195
132
123
+48%
2017
2016
2006
Күрделі шығындар,
млрд теңге**
111
115
49
-3%
2017
2016
2006
Таза ақша қаражаты,
млрд теңге***
1339
1172
332
+14%
2017
2016
2006
Таза ақша қаражаты,млн АҚШ доллары***
4028
3516
2615
+15%
2017
2016
2006
Орташа айырбастау бағамы, 1 АҚШ доллары үшін теңге
326,1
341,8
126,1
-5%
2017
2016
2006
Brent мұнайының орташа
бағасы, баррельге АҚШ доллары
54,2
43,7
65,1
+24%
2017
2016
2006
* ҚГМ, CCEL және ПКИ-дегі үлестерді қоспағанда

** ҚГМ, CCEL және ПКИ-дегі үлестерді қосқанда

*** Қарыздарды шегергендегі ақша қаражаты, ақша қаражатының баламалары және өзге қаржы активтері
Жылдың басты
оқиғалары
Жария компания
ретіндегі ҚМГ БӨ
тарихына шолу
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2014
2015
2016
2017
қыркүйек
2006
Акцияларды алғашқы
орналастыру (IPO)
ҚМГ БӨ 2006 жылғы қыркүйекте өз акцияларының 38%-ын қор нарығында: Қазақстан қор биржасында жай акциялар түрінде және Лондон қор биржасында жаһандық депозитарлық қолхаттар (ЖДҚ) түрінде орналастырды, нәтижесінде 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.
сәуір
2007
«Қазгермұнай БК»-да
50% сатып алу
2007 жылғы сәуірде аяқталған Қазгермұнайда 50 пайыздық үлесті сатып алу жөніндегі мәміле ҚМГ БӨ-ні Қазақстанда мұнай өндіру бойынша екінші орынға шығарды. Мәміле сомасы 969 миллион АҚШ долларын құрады. «Қазгермұнайда» үлесті сатып алу мұнайдың жиынтықты қорларын 6%-ға, өндіруді — 17%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді*. «Қазгермұнай» компаниясының кен орындары ҚМГ БӨ-нің негізгі кен орындарына қарағанда, өндірудің ең төменгі өзіндік құнымен және мұнайдың аса жоғары сапасымен ерекшеленеді. Бұл сатып алу төрт жыл ішінде орнын толтырды**.
желтоқсан
2007
CCEL-де («Қаражанбасмұнай»)
50% сатып алу
Екінші ірі мәміле — CCEL-де 50 пайыздық үлесті сатып алу — 2007 жылғы 12 желтоқсанда аяқталды.
CCEL Қазақстанның батысында, Маңғыстау облысында орналасқан Қаражанбас кен орнын игереді. Мәміле нәтижесінде ҚМГ БӨ-нің жиынтықты мұнай қорлары 17%-ға, өндіруі — 13%-ға өсті*. Осы мәміленің қаржылық құрылымы ҚМГ БӨ мүдделерінің басым қорғанысын қамтамасыз етеді. Мәміле шарттары бойынша ҚМГ БӨ жеке қаражаты есебінен екінші акционерге — CITIC Group компаниясына 150 миллион АҚШ долларын төлеп, 26,9 миллион АҚШ доллары сомасындағы жыл сайынғы басымдықты кіріске құқығын алды. Бұл сатып алу 6 жыл ішінде орнын толтырды**.
қазан
2008
Компания акцияларын кері сатып
алу бағдарламасы
ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 350 млн АҚШ долларына дейінгі жалпы сомасына Компанияның акцияларын кері сатып алу бағдарламасын мақұлдады. Өз акцияларын кері сатып алу бағдарламасын іске асырудың басталуы — 2008 жылғы 24 қараша, аяқталуы — 2009 жылғы 31 қазан.
тамыз
2009
Қытай инвестициялық корпорациясының Компания акцияларының 11%-ын сатып алуы
Қытай Халық Республикасының China Investment Corporation Мемлекеттік инвестициялық қоры (CIC) жаһандық депозитарлық қолхаттар түрінде Компания акцияларының 11%-на жуығын 939 млн АҚШ доллары сомасына сатып алғаны туралы хабарлады. Нарық бұл сатып алуға ҚМГ БӨ акцияларының құнын 11%-ға қымбаттатумен жауап қайтарды.
желтоқсан
2009
«ПетроҚазақстан Инк.» компаниясында 33 пайыздық үлесті сатып алу
ҚМГ БӨ 2009 жылғы 22 желтоқсанда «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясында 33 пайыздық үлесті сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады. «ПетроҚазақстан Инк.» компаниялар тобы көмірсутектерді барлаумен және өндірумен, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерін сатумен айналысады. «ПетроҚазақстан Инк.» екінші акционері Қытай мұнай-газ компаниясы CNPC Exploration and Development Company Ltd. (CNPC E&D) болып табылады.
Мәміле нәтижесінде ҚМГ БӨ-нің жиынтықты мұнай қорлары 4%-ға, өндіруі — 13%-ға ұлғайды*. Бұл сатып алу 3 жыл ішінде орнын толтырды**.
наурыз
2010
ҚҚБ-да Компанияның артықшылықты акцияларының листингі және оларды кері сатып алу бағдарламасының іске қосылуы
Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан қор биржасында (ҚҚБ) ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларының листингі жүргізіліп, оларды сатып алу бағдарламасының іске асырылуы басталды, бағдарлама 2011 жылы операциялардың қомақты үлесін құрап, Қазақстанның қор нарығын едәуір жандандырды. 2011 жылғы қарашада аяқталған бағдарлама 37 млрд теңгеден артық жалпы сомаға екі миллионнан астам акцияларды сатып алуға мүмкіндік берді.
қазан
2010
ҚМГ БӨ Лиман блогында мұнай
кендері ашты
Компания Лиман барлау блогында мұнай көзінің ашылуы туралы хабарлады. Мұнай шоғыры Новобогатинск тұзды күмбезінің оңтүстік бөктерінен табылды және Атырау қаласының батысына қарай 70 шақырым жердегі «Ембімұнайгаз» ӨФ игеріп жатқан Оңтүстік-Шығыс Новобогатинск мұнай кен орнына жақын маңда орналасқан.
Мұнай бұрқағы орташа триастық шөгінділерден 1200 метр тереңдікте орналасқан бірінші барлау ұңғымасынан алынды.
сәуір
2011
50%
Жалғыз акционері Ural Group Limited болып табылатын «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-де акцияларының 50% сатып алу
Компания Батыс Қазақстан облысында орналасқан, Федоровский блогында көмірсутектердің барлауын жүргізу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын иемденетін «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-де жалғыз акционер болып табылатын Ural Group Limited компаниясында акциялардың 50% сатып алғаны туралы келісім жасасты.
қазан
2011
Компания акцияларын кері сатып
алу жөніндегі бағдарлама
Бағдарлама бір жылға — 2011 жылғы қазаннан 2012 жылғы желтоқсанға дейін созылды. Осы кезең ішінде Компания 263 млн АҚШ доллары жалпы сомасына 19 461 жай акциялар мен 14 386 605 ЖДҚ сатып алды.
желтоқсан
2011
ҚМГ БӨ «Карповский Северный» барлау блогын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтайды
Компания «ГазМұнайӨнім» ЖШС-нен ҚР Батыс Қазақстан облысындағы «Карповский Северный» учаскесінде Мұнай, газ және конденсат барлауға келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие «Карповский Северный» АҚ акцияларының 100%-ын сатып алу жөніндегі мәміленің жабылуы туралы жариялады. Мәміле сомасы — 59 млн АҚШ доллары.
ақпан
2012
ӨМГ және ЕМГ өндірістік филиалдарын акционерлік қоғам етіп құру
Директорлар кеңесі өндірістік филиалдарды акцияларының 100% ҚМГ БӨ-ге тиесілі болатын акционерлік қоғамдар етіп құру туралы шешім қабылдады. Осы өзгерістер мемлекеттік органдардан заңнамада көзделген келісімдерді алу кезінде құрылып жатқан акционерлік қоғамдарға негізгі құралдарды және жер қойнауын пайдалану құқықтарын тапсыруды қамтыды.
шілде
2012
49%
ҚМГ БӨ «Карповский Северный» АҚ-дағы 49 пайыздық үлесін сатты
ҚМГ БӨ MOL Hungarian Oil and Gas Plc. Компаниясымен ҚР Батыс Қазақстан облысындағы «Карповский Северный» учаскесінде мұнай, газ және конденсат барлау келісімшарты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие «Карповский Северный» АҚ-дағы акциялар пакетінің 49% өткізу бойынша сатып алу-сату шартын жасасты.
мамыр
2014
Федоровский блогы, Рожковское кен орнында жаңа мұнай көздерінің ашылуы
Жалғыз акционері Ural Group Limited болып табылатын «Урал Ойл энд Газ» ЖШС барлаумен айналысады, оның акцияларының 50%-ын ҚМГ БӨ 2011 жылы сатып алған. Мұнай шоғырының ашылуы осы активтің жоғары әлеуетін растайды.
желтоқсан
2014
Ақсай мұнай-газ кен орнын
қолданысқа беру
Ақсай мұнай-газ кен орны қолданысқа берілді, оны барлау лицензиясы Қызылорда облысындағы «Қазгермұнай» компаниясына тиесілі.
қаңтар
2015
ҚМГ ҰК-ның ҚМГ БӨ акцияларын сатып алу жөніндегі ұсынысын қайтарып алуы Мұнайдың дербес процессингі схемасына көшу
Компанияның тәуелсіз директорлары ҚМГ ұлттық компаниясынан ҚМГ ҰК-ның бір ЖДҚ-ға 18,50 АҚШ доллары бағасымен ҚМГ БӨ акцияларын ықтимал сатып алуы туралы өз ұсынысын қайтарып алатыны туралы хабарлама алды. ҚМГ ҰК алдын ала хабарландыруды 2014 жылғы шілдеде жасады.
сәуір
2016
Мұнайдың дербес процессингі схемасына көшу
Компания ішкі нарыққа жеткізілімдер үшін 2016 жылғы сәуірде мұнайдың дербес процессингі схемасына көшті. Жаңа схема бойынша ҚМГ БӨ жасасқан кепілгерлік шартқа сәйкес «ҚазМұнайГаз — өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ ӨМ) арқылы алынған мұнай өнімдерін ары қарай сату үшін мұнайды АМӨЗ бен ПМХЗ-ға өңдеуге жеткізеді.
тамыз
2016
Акционерлердің кезектен тыс
жалпы жиналысы
2016 жылғы 3 тамызда акционерлердің кезектен тыс жиналысы өтіп, онда тәуелсіз акционерлер Өзара қарым-қатынастар туралы шартына және Компанияның Жарғысына өзгерістер енгізуге қатысты 1-ші және 2-ші Шешімдерге қарсымыз деп дауыс берді. Тәуелсіз акционерлер екі шешімді де мақұлдаған жоқ, Сатып алу туралы ұсыныс күшіне енбеді, Өзара қарым-қатынастар туралы шартына және Жарғыға ұсынылған өзгерістер ҚМГ ҰК Циркулярында мазмұндалған талаптарда енгізілген жоқ.
қыркүйек
2016
9%
ӨМГ 2016 жылға ПҚӨС төмендетілген мөлшерлемесін бекітті
ӨМГ Өзен және Қарамандыбас кен орындары үшін пайдалы қазбалар өндіру салығына (ПҚӨС) уақытша төмендетілген мөлшерлемеге берген өзінің өтінімі бойынша оң шешім алды. ПҚӨС мөлшерлемесі барлық 2016 жылға 9% деңгейінде бекітілді. Экономикалық тиімділік 2016 жылы 15 млрд теңгені құрады.
маусым
2017
49%
ҚМГ БӨ «Карповский Северный» ЖШС-де 100 пайыздық қатысу үлесін иемденетін KS EP Investments BV компаниясы акцияларының 49%-ын сатып алды
Компания MOL Hungarian Oil and Gas Plc.-ден «Карповский Северный» ЖШС-де («КС») 100 пайыздық қатысу үлесін иемденетін KS EP Investments BV (“KS EP Investments”) компаниясы акцияларының 49%-ын 1 (бір) АҚШ долларына сатып алып, КС-ке 100 пайыздық қатысу үлесі бар KS EP Investments-тің жалғыз акционері болды.
желтоқсан
2017
Компанияның ерікті делистингі және өз акцияларын ҚҚБ-дан және ЖДҚ-ны ЛҚБ-дан сатып алу туралы шешімі
Компания барлық өзінің шығарылған ЖДҚ-ны бір ЖДҚ үшін 14,00 АҚШ доллары бағасымен сатып алу бойынша тендерлік ұсынысты (бұдан әрі — «ЖДҚ-ға қатысты Тендерлік ұсыныс») жүзеге асыру ниеті туралы хабарлады, бұл 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ЖДҚ бағасына 30 күн ішінде орташа есептелген көлем бойынша 11,32 АҚШ долларына тең 23,7 пайыз мөлшеріндегі сыйақыны білдіреді.
Тиімді
менеджмент
және қаржылық
тұрақтылық
2017 жылы, мұнайға әлемдік бағалардың бірте-бірте қалпына келуі аясында, Компания өндіруді оңтайландыру және мұнай мен мұнай өнімдерін өткізудің тиімділігін арттыру бойынша қабылдаған шаралардың нәтижесі есебінен өзінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартты.
EBITDA,
млрд теңге
260
($807 млн)
207
($605 млн)
9
($40 млн)
2017
2016
2015
Тиімді
менеджмент
және қаржылық
тұрақтылық
2017 жылы, мұнайға әлемдік бағалардың бірте-бірте қалпына келуі аясында, Компания өндіруді оңтайландыру және мұнай мен мұнай өнімдерін өткізудің тиімділігін арттыру бойынша қабылдаған шаралардың нәтижесі есебінен өзінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартты.
Еркін ақша ағыны,
млрд теңге
186
($570 млн)
98
($288 млн)
-125
(-$562 млн)
2017
2016
2015
Тұрақты
дамуға
бағытталған
бизнес
Компанияның тұрақты қызметінің негізі — өзінің өндірістік активтерінің әлеуетін сақтауға тұрақты инвестициялар және Компания өзінің қызметін жүргізетін өңірлердің әлеуметтік дамуына қаражат бөлу.
Күрделі салымдар*,
млрд теңге
111
($341 млн)
115
($337 млн)
98
($443 млн)
2017
2016
2015
* ҚГМ, CCEL және PKI-ге қатысу үлестерін қоспағанда
Тұрақты
дамуға
бағытталған
бизнес
Компанияның тұрақты қызметінің негізі — өзінің өндірістік активтерінің әлеуетін сақтауға тұрақты инвестициялар және Компания өзінің қызметін жүргізетін өңірлердің әлеуметтік дамуына қаражат бөлу.
Әлеуметтік жобалар,
млн теңге
1881
($6 млн)
1687
($5 млн)
1897
($8,5 млн)
5465
($19,5 млн)
Барлығы 3 жылда
2017
2016
2015