ҚМГ БӨ Бас
директорының
үндеуі

ҚМГ БӨ Бас директорының үндеуі
Құрманғазы Есқазиев,
Бас директор,
(Басқарма Төрағасы)
«Компанияның өндіруі көпшілік бөлігі өндіру шыңынан асып түскен кен орындарда жүргізілетінен қарамастан, 2017 жылы Компания өндіруді тұрақты, оңтайлы деңгейде сақтап тұру жөніндегі міндетін орындады.»
  • 11 868
    мың
    тонна
    2017 жылғы мұнайдыңөндірілуі
    (ҚГМ, ҚБМ және ПҚИ-дегі үлестерді
    есептегенде)
  • 2 533
    мың
    тонна
    шикі мұнай 2017 жылы
    қазақстандық МӨЗ-ге
    жеткізілді
  • 1,9
    млрд Тенге
    2017 жылы Атырау және
    Маңғыстау облыстарында
    әлеуметтік жобаларға бөлінді

ҚМГ БӨ 2017 жылы табысқа қол жеткізе алды, оның негіздері өткен жылы салынған еді. Көнерген кен орындарындағы тұрақты өндіруді сақтап тұру, операциялық және күрделі шығындарды бақылау, өзінің тиімділігін көрсеткен мұнай процессингі және мұнай өнімдерінің маркетингі схемасын пайдалану және жетілдіру, — бұның барлығы өткен жылы Компанияға елеулі қаржылық нәтиже алуға мүмкіндік берді. Таза кіріс 195 млрд теңгені (599 млн АҚШ доллары) құрады, еркін ақша айналымы 186 млрд теңге (570 млн АҚШ доллары) деңгейінде болды, ал таза ақша қаражатының өсімі –167 млрд теңге (512 млн АҚШ доллары), жыл соңында 1 339 млрд теңгеге дейін (4,0 млрд АҚШ доллары) артты.

Компанияның өндіруі көпшілік бөлігі өндіру шыңынан асып түскен кен орындарда жүргізілетінен қарамастан, 2017 жылы Компания өндіруді тұрақты, оңтайлы деңгейде сақтап тұру жөніндегі міндетін орындады.

2017 жылы біздің негізгі активтерде, «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) және «Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ), жиынтықты өндіру көлемі 8 320 мың тоннаны (тәулігіне 168 мың баррель) құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1%-ға кем. Бұл ретте ЕМГ өткен жылға қарағанда мұнайды 0,3%-ға көп өндірді, бұл ӨМГ-дегі өндірудің азаюын ішінара өтеді.

Компания «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай» АҚ (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) үлестерін қоса алғанда, 2017 жылы 11 868 мың тонна (тәулігіне 240 мың баррель) мұнай өндірді, яғни 2016 жылдағыдан 2%-ға кем болды. Осы көрсеткіш қысқаруының негізгі факторы — ПҚИ мен ҚГМ-де мұнай өндірудің табиғи, жоспарлы азаюы.

Компанияның көмірсутек базасының орнын толтыру жөніндегі жұмыс та жемісті болды. «ДеГольер энд МакНотон» компаниясы жүргізген қорларды тәуелсіз бағалауға сәйкес 2017 жылы 2P қорларының орнын толтыру коэффициенті ӨМГ мен ЕМГ-де 100% құрады.

2017 жылы күрделі салымдар 111 млрд теңгені (341 млн АҚШ доллары) құрап, шамамен өткен жылдың деңгейінде болды. 2017 жылғы желтоқсанда бекітілген бесжылдық бизнес-жоспарға сәйкес Компания 2018 жылы күрделі салымдарды біршама ұлғайтуды және 2019 — 2022 жылдары 118 млрд теңгеге (347 млн АҚШ доллары) орташа жылдық деңгейге дейін азайтуды жоспарлайды.

2017 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ Прорва кен орындары тобында газды кешенді дайындау қондырғысының (ГКДҚ) құрылысы аяқталғанын атап айтамын. Іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін ГКДҚ-да тауарлы газ, тауарлы түйіршіктелген күкірт, тұрақты газ конденсаты өндірілетін болады. Осы қондырғы іске қосу Компанияға Прорва кен орындары тобында газды алау етіп жағуды жоюға мүмкіндік береді.

Тағы да бір маңызды бастама — біздің активтерде интеллектуалды кен орындары концепциясын енгізу. 2017 жылы біз Өзен, Қаражанбас, Ақшабұлақ, Прорва кен орындары тобы, Жаңаталап және тағы да басқа ҚМГ БӨ компаниялары тобының 14 кен орындарына цифрландыру жобасының табысты тәжірибесін таратуды бастап кеттік. Осы кен орындарға жыл сайынғы мұнай өндірудің және өсу әлеуеті бар, шығарылатын қалдық мұнай қорларының шамамен 90%-ы тиесілі. Бұл жоба түрлі экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық жерлерде цирфлық технологиялардың енгізілуін қарастыратын «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында басты жобалардың бірі болып табылатынын атап көрсеткім келеді. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Уаз кен орны мысалында «Интеллектуалды кен орын» жобасы Мемлекет басшысына өткен жылдың қыркүйегінде таныстырылды.

Өткен жылы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетімен, «Аджип Қарашығанақ Б.В.» (Eni) компаниясымен, сондай-ақ «Шелл Қазақстан» компаниясымен және «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институтымен бірнеше өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жоғарыда аталған меморандумдарға сәйкес барлау және өндіруде бірлескен жобаларды дамыту мүмкіндіктерін кейіннен зерттеу, таңдалған кен орындарында мұнайдың берілуін, өндірістік тиімділігін арттыру әдістерінің іске асырылуын бірлесіп зерттеу мақсатында Өзен және Қарамандыбас кен орындарын дамыту концепциясы әзірленді, сондай-ақ тәжірибе алмасу бойынша іс-шараларды әзірлеу қарастырылған. Концепцияны іске асырудың бірінші кезеңі шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталды және тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар басталды. Сондай-ақ, осы жылы біз РМУ тартып, «Қаражанбасмұнай» АҚ кен орнында концепцияның әзірленуін, сондай-ақ Томск политехникалық университетін және Heriot-Watt University-ді тарта отырып, «Қазгермұнай» БК» ЖШС кен орындарында концепцияның әзірленуін бастауды жоспарлап отырмыз.

Компания 2016 жылдың сәуірінде мұнай процессингі схемасына және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін сатуға көшті.

2017 жылы Компания 2 388 мың тонна мұнай өнімдерін сатты. 2018 жылдың басындағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ үлесі қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген ақшыл түсті мұнай өнімдерінің жалпы көлемінің 16%-ға жуығын құрады.

Біздің басты құндылығымыз — адамдар және Компания қызметін жүргізетін өңірлерде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және халықтың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету бойынша барынша күш салады. 2017 жылғы тамызда «Өзенмұнайгаз» АҚ еңбек ұжымымен 3 жыл мерзімге жаңа ұжымдық шарт жасалды. Бұрынғыдай, шарттың талаптарында ай сайынғы және сыйақы төлемдері, медициналық сақтандыруды төлеу және біліктілікті арттыру шығындары қарастырылған. Бұдан басқа, Компания Астанада 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейінгі аралықта өткен ЭКСПО халықаралық көрмесіне белсене қатысты. Компанияның 5 920 қызметкері көрмені тамашалап, заманауи «жасыл» технологиялармен танысты.

Компания барлық қызметкерлерінің үлесін бағалайды, жеке әлеуетін ашу және мансабының өсуі үшін оларға көп мүмкіндіктер ұсынады. Өндірудің тұрақты деңгейін сақтап тұру, өндірістік тиімділікті жақсарту мақсатында Компания өндірістік персоналды оқытуға ерекше мән береді. 2017 жылы ҚМГ БӨ компаниялары тобының 49 071 қызметкерінің, соның ішінде өндірістік персоналдың 36 299 жұмыс- керінің біліктілігін жоғарылатуға 1,6 млрд теңге бөлінді.

Компания әлеуметтік жобаларды белсенді іске асыруды жалғастыруда. Айталық, 2017 жылы Атырау және Маңғыстау облыстарының түрлі әлеуметтік жобаларына 1,9 миллиард теңге (6 млн АҚШ доллары) бөлінді. Атап айтқанда, қажетті қаржыландыру автомобиль жолдарын жөндеуге, қалалық шағын аудандарды абаттандыруға, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға бағытталды. Жергілік халық пен атқарушы органдардың өзекті қажеттіліктерін анықтау үшін олармен жұмыс жүргізілді және осы бағытта әлеуметтік жобалар іске асырылды.

2017 жылғы Компанияның маңызды корпоративтік оқиғасына тоқталып өткім келеді, бұл миноритарлық ұстаушылардан жай акциялар мен жаһандық депозитарлық қолхаттарды кері сатып алу туралы, сондай-ақ кейіннен Лондон мен Қазақстан қор биржаларында аталған бағалы қағаздардың листингін тоқтату жөніндегі акционерлердің қол жеткізген конструктивтік келісімі.

Компанияның стратегиялық дамуы үшін осы шешімнің маңыздылығына қарамастан, біздің күнделікті, операциялық қызметіміздің мақсаттары өзгеріссіз қалатынына назар аударамын. Біз көнерген кен орындардағы жұмысымызды жалғастырамыз, коммерциялық тиімділікті арттыру үшін бұрынғыдай барынша жұмыстанамыз және қызметімізді жүргізіп отырған өңірлерде әлеуметтік саясат саласындағы басымдықтарды әрдайым ұстанатын боламыз. Менеджменттің міндеті әлеуметтік міндеттемелерді ұмытпай, Компанияның активтерін пайдаланудан барынша ұзақ мерзімді экономикалық тиімділік алу болып табылады және солай болып қала береді. Дәл осы міндетті біздің алдымызға барлық акционерлер қойған еді, мен оларға белгілі бір кезеңдерде акционерлердің түрлі топтары арасындағы қатынастардың хал-ахуалына қарамастан, бізге үнемі қолдау көрсеткендері үшін ризашылығымды білдіремін.

ҚМГ БӨ-нің әрбір қызметкері ҚМГ ҰК компаниялары тобының құрамындағы барынша тығыз интеграция жағдайында өзінің тәжірибесін, білімін және іскерлік қабілеттерін пайдалану үшін жаңа мүмкіндіктер табатынына сенімдімін.

Осыған орай Компанияның барша қызметкерлеріне 2017 жылы қол жеткізілген нәтижелері және еңбек жолында жаңа жетістіктерге жету дайындықтары үшін алғысымды білдіргім келеді.